17 Ақп 2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

ҰМЫТ ҚАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР     

Мектепішілік тәрбие жұмысы жоспары бойынша, "Үндестік" жобасы аясында, ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында мектепішілік 1 мен 10-сынып аралығында "Ұмыт қалған ұлттық тағамдар" көрмесі өткізілді. Көрмеге қазақ, украин, әзірбайжан, орыс ұлттарының ұлттық тағамдары дайындалып әкелінді. Атап айтсақ қазақтың Қарын бүрме, Әсіп, Төңкерме, Жоңқа қуырдақ,Малта құрт, Жаужүрек, Үрпершек тағамдарын тамашалап,дәм таттық. Атсалысқан ата-аналарға алғыс хат табысталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар