25 Қар 2023
Жаңалықтар

31.10.2023 күніне қараған түнгі сағат 02.45-те тұрғын үйде өрт шығуы салдарынан екі оқушымыз

31.10.2023 күніне қараған түнгі сағат 02.45-те тұрғын үйде өрт шығуы салдарынан екі оқушымыз  (Қонысбай Жасмин, Елемес Нұрай) бен отбасы үйсіз қалды. Келесі күні ауылымыздағы «Восточный ауылы» ЖШС ауылдан жалдамалы тұрғын үй берді. Оқушыларымыздың  сабақ киімдері жарамсыз болып қалған себепті, өрт туралы акт негізінде “Жүрек жылуы- 20-21”  қоғамдық  қайырымдылық қорынан 140 000 тг. көлемінде қыстық  бас киімдер, аяқ киімдер мен мектеп формалары мен сөмкелер берілді. Сондай-ақ, мектеп ұжымы ақшалай жинап, сол ақшаға азық-түлік жағынан көмек жасалды. «Жалпыға міндетті білім беру (всеобуч)» қорынан 2 тақта, 4 төсек-орын жабдықтары, 1 шифоньер, 1 сабақ оқитын үстел, 2 жастық, 2 көрпе: 304 000 мыңға алынды. Ата-ана Тажибаева Эльмира Адолбайқызы өз алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар