07 Қаз 2022
Соңғы іс шара

Ұстаз – ұлы тұлға

Қыркүйектің отызы ҚР бойынша білім беру ұйымдарында Дублер күні өтті. "Арқалық қаласы білім бөлімінің Восточный жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қалыс қалмады. Мектеп Парламентінің қатарындағы оқушыларымыз бір сәт ұстаздар рөлін сомдап, ұстаздың бір күнін бастарынан өткерді. Ал,ұстаздарымыз өздерінің мектептегі алаңсыз шақтарын еске түсіріп, мәре-сәре күйде болды. Сол күні мектеп басшысы қызметінде 10 "Б" сынып оқушысы Байрамова Кристина болса, ДОІЖО 10 "А" сынып оқушысы Даулетов Қуандық болды. Ұстаздарымыз 11 "А" (қазақ тілінде оқытатын),11 "Б" (орыс тілінде оқытатын) сыныптары болып оқытылды. Мереке соңы ұстаздарға арналған концертке ұласты. Оқушыларымыз бар өнерін салып, жоғары  деңгейде концерт қойды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар