27 Қырқ 2022
Соңғы іс шара

Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына арналған мектепішілік іс-шаралар өтті. Әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізу мақсатында, ақынның «Қырық мысал» мысалдар жинағындағы тәрбиелік мәні зор мысалдарын оқушылар нақышына келтіре отыра сахналап, бейнеролик түсірді. Бейнеролик байқауына тек бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың қысқы демалысы уақыты кезінде қашықтықтан «Ахмет аударған мысалдар» тақырыбында мысалдарды жатқа оқудан сайыс өтті. Сайысқа барлық сынып оқушылары қатысып, үздік жатқа оқушылар мақтау қағаздарымен мадақталды. Жоғары сынып оқушылары (8,9,11 «А», «Б») «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазып, жеңімпаздар марапатқа ие болды. Барлық сыныптарда (1-11 «А», «Б») Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған ашық сабақтар, тақырыптық сынып сағаттары, танымдық форматта тақырыптық конкурстар өткізілді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар