2022 жылдың 1 маусымында Восточный білім беретін мектебінде «Өмірге қолыңды соз!» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, олардың өміріне жаңа қосымша сезімдік бояулар мен мәдени құндылықтарды енгізу арқылы қатысушылардың өмір сүру кеңістігін кеңейту. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен ересектердің психологиялық сауаттылығын арттыру.
Акция барысында мектеп психологі Турганова З.Т. оқушыларға жадынамалар мен визиткалар таратты.

