03 Мамыр 2022
Соңғы іс шара

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

        1 мамыр – Қазақстан  халықтарының бірлігі күні. Бұл күн  Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Білім ошағымызда жыл сайын бұл мереке тойланады.

        Биылғы 2021-2022 оқу жылында да сыныптар 9 ұлттың мәдениеті  мен әдебиетін, тарихы мен тілін әспеттеу   байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, қазақ, орыс, татар, кәріс, шешен, украин, өзбек, түрік, ағылшын ұлттары. Байқау үш кезең бойынша бағаланды.

  1. Ұлтты таныстыру
  2. Ұлттық өнер
  3. Ұлттық тағам

Қойылған талаптар:

  • Сыныптарды тақырыпқа сай безендіру;
  • Кем дегенде 6 оқушы ұлттық киімде болу.

Байқау қорытындысы бойынша топ жарып шығып, қазақ (5,6 «А») және орыс (1,4 «Б») ұлттарын әспеттеген сыныптары бірінші орынға ие болды.  Басқа ұлттарды әспеттеген сыныптар екінші және үшінші орынды иеленді.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар