Отбасы күні
06-12 қыркүйек арасында мектепішілік Отбасы күні мерекесі тойланды. «Мен және менің отбасым» акциясы аясында 1-5 сынып оқушылары сурет салып, мектеп қабырғасына ілді. Сүйіндік Аяжан Қайратқызы ата-аналармен біріккен ашық тәрбие сағатын өткізді. Аға тәлімгер Жұлдыз Нұрланқызы «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Мектепішілік 1-6 сынып оқушылары арасында «Отбасы коллажы» акциясы да ұйымдастырылды.

