"ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ" атты тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің қалалық семинары
26 сәуір күні Восточный жалпы білім беретін мектебінде СӨС аясында "ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ " атты тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін,дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін жеткізу. Семинарға Арқалық қаласының және маңайындағы ауылдардың білім беру мекемелерінен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері келіп қатысты.
Семинар аясында аралас, зерттеу, талқылау сабақтары берілді. Мейримгуль Азаматовна біріккен сыныпқа сыныптан тыс іс-шара көрсетті. Оушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындап, кедергілерден шыға білді. Назгүл Қаламбекқызы өткізген зерттеу сабағында оқушылар электронды темекі (вейп) мен қытырлақтардың (чипсы) зиянын дәлелдеп,сүт өнімі құрттың пайдасын көз жеткізе дәлелдеді. 11 сынып оқушысы әрі Арқалық қаласы бойынша спорттық жарыстардың чемпионы, облыстық жарыстардың қатысушысы Екатерина Мельникпен 6-сынып оқушылары кездесті. Кездесуге Екатеринаның анасы мен жаттықтырушысы және сынып жетекшісі қонақ ретінде шақырылды. Әсерге толы кездесу болды. Дене шынықтыру мұғалімі Ерік Мырзағалиұлы "Шымырлық пен шеберлік" тақырыбында волейболдан шебер сынып көрсетті. Семинар "Саламатты Қазақстан перзентіміз" тақырыбындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан мектеп жұмысына оң баға берілді.
https://vostochnenskaya-arkalyk.edu.kz/kz/%D1%81%D0%BE%D2%A3%D2%93%D1%8B-%D1%96%D1%81-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0/8718-8c98zx9c89a8sca8c98zxcasca.html#sigFreeId32341d999e

